Бас Прокурордың орынбасары қызметінен кетті

2329
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/img_6390.jpeg

Бүгін Ұлан Байжанов Бас прокурордың орынбасары лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасы жариялады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Мемлекет басшысының өкімімен Ұлан Байжанов Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада. Бас Прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ресми сайтының мәліметінше, Ұлан Байжанов 1958 жылы 9-тамызда Алматы қаласында туған. С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1980 жылы «Қазгуград» КП аға заң кеңесшісі болып бастаған. 1983-1987 жылдары «ҚазкҒЗИ»РҰ бөлімінің бастығы, 1987-1991 жылдары Алматы қалалық атқару комитетінің нұсқаушысы, заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары, әкімшілік органдар бөлімінің меңгерушісі, мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі; 1991-1995 жылдары Алматы қаласы Әділет басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің алқа мүшесі; 1995-1997 жылдары «Алматы – Заң» құқықтық орталығының бас директоры; 1997-1999 жылдары «Қазақтелеком» ААҚ вице-президенті; 1999-2002 жылдары Мемлекеттік кіріс Вице-министрі қызметін атқарған.

«Адырна» ұлттық порталы

评论
其他材料