Қазақстандық балуан әлем чемпионатында қола жүлдені жеңіп алды

3095
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/zhәmilә-baқbergenova.jpeg
Қазақстандық балуан Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды "Адырна". Спортшы Жәмилә Бақбергенова Сербия астанасы Белград қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан жарыста қола үшін жекпе-жекте польшалық Наталья Ивона Стшалкамен кездесіп, оны 4-1 есебімен жеңді. Отандасымыз 72 келі салмақта чемпионатты 1/8 айналымнан бастап, Еуропа чемпионатының қола жүлдегері сербиялық споршы Фанни Нагиды, кейін Ресейдің балуаны Ксения Буракованы жеңді. Алайда жартылай финалда жерлесіміз моңғолиялық Дааванасан Енкх Амарға есе жіберіп алды. Жекпе-жек 2:6 есебімен аяқталды. Бұл 27 жастағы қазақстандық спортшы Жәмиләнің дүниежүзі бәсекесіндегі қатарынан үшінші жүлдесі. Ол 2019 жылы Ослода, былтыр Белградта күміс жүлдеге ие болған.
Comments