150-дей адам эвакуацияланды. Ақтауда тұрғын үйден өрт шықты

1899
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/36481f44-0cf9-46ae-86d3-d105758588a6-960x500.jpeg?token=d29ee6a0dc6b5c2adadd7e78505ddba6

Ақтауда тұрғын үйден өрт шығып, 150-дей адам эвакуацияланды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Өрт 45 шаршы метрді шарпыған. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. 13 адам құтқарылды, оның үшеуі бала. Ал баспалдақпен 120 адам эвакуацияланды, оның ішінде 25-і бала, - делінген хабарламада.
Өртке тарату қалқанындағы электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.
Comments