Ленин ескерткішін жөндеуге ақша бөлген Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының әкімі Ернар Мұстафин өз еркімен қызметін босатты. Бұл туралы ол өзіңің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ол 2022 жылдың қыркүйек айында Алтай ауданының әкімі болып тағайындалған болатын. Осы лауазымда бір жылға жуық қызмет еткен ол өз еркімен жұмыстан шығуға өтініш берген.“Алтай ауданының әкімі лауазымындағы қызметімді аяқтап жатырмын. Мен тез және кейде ерекше шешімдер табуға тырыстым және әрқашан сіздердің қолдауларыңызды сезіндім. Ауданда жиналып қалған мәселелердің біразы шешілді, басқаларына біраз уақыт керек. Ардагерлер кеңесіне, ақсақалдарға, депутаттарға, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне, кәсіпкерлерге, әріптестерге,
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Ербол Нұрғалиевтың айтуынша, аймақ басшысы Ермек Көшербаев бұл өтінішке қол қойды. Енді оның орнына Алтай ауданы әкімінің міндетін Ренат Құрмамбаев атқарады.