Алматыда қызды қорлаған мопед жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«24 тамыз күні Наурызбай аудандық ПБ-ға 25 жастағы қыз мопед мінген белгісіз ер адамның өзін қорлағанын айтып, арызданды. Күдікті бірден анықталды. 2001 жылы туған М. есімді азамат ұсталды. Оның әрекеті ӘҚбтК-нің 434-бабымен сараланды»,—делінген хабарламада.Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Related news
An Iranian director who had been unable to leave the country for 22 years has won at the Cannes Film Festival
