БҚО-да Үндістанның 12 азаматы ұсталды

3432
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/08/img_2001.jpeg
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының тәртіп сақшылары Үндістан елінің 12 азаматын ұстады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Тексеру барысында аталған 12 шетел азаматының 8-інде Қазақстан аумағында визасыз болу мерзімі аяқталғаны белгілі болды.
«8 шетелдікке қатысты ӘҚбтК-нің 517-бабы "Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы" бойынша жауапкершілікке тарту үшін іс сотқа жолданды. Ұсталған азаматтар Қазақстанға турист ретінде келгені анықталды»,—деп түсіндірді Ішкі істер министрлігі.
Comments