Қырғыз Республикасынан құны 1,3 млрд теңгеден асатын екі вагон темекі өнімдерін жөнелтпе құжатсыз кіргізбек болған. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.
Мәлімет бойынша, акциздің бюджетке төленуі тиіс сомасы 585 млн теңгені құрайды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында бірқатар жедел-іздестіру шаралары, тиiстi сараптамалар жүргiзiлуде, оның нәтижелерi бойынша қылмыстық iс бойынша процестік шешiм қабылданады. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды, – делінген хабарламада.
Related news
The Prime Minister: A film will be made based on the plot of the short story “The Death of the Tazy.”
