1,3 млрд теңге. Қырғызстаннан Қазақстанға екі вагон темекі заңсыз кіргізілмек болған

3166
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/08/170a7f2c-d6c6-40ef-b2f3-08bfa018dba5.jpeg
Қырғыз Республикасынан құны 1,3 млрд теңгеден асатын екі вагон темекі өнімдерін жөнелтпе құжатсыз кіргізбек болған. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.
Мәлімет бойынша, акциздің бюджетке төленуі тиіс сомасы 585 млн теңгені құрайды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында бірқатар жедел-іздестіру шаралары, тиiстi сараптамалар жүргiзiлуде, оның нәтижелерi бойынша қылмыстық iс бойынша процестік шешiм қабылданады. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды, – делінген хабарламада.
   
Yorumlar
Diğer Haberler