Айбек Смадияров: Автобуста Қазақстан азаматтары болған

3297
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/07/2096147a-177b-4102-bbe2-6146cbca63d9.jpeg
Түркияның Алания қаласында болған жол апатына ұшыраған автобустың ішінде Қазақстан азаматтары болғанын расталды, деп хабарлайды “Адырна”. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров: "Бүгін таңертең Алания тас жолында микроавтобус пен жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік апаты орын алды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер бар. Алдын ала алынған мәліметке сәйкес, автобуста Қазақстан азаматтары болған", - деп хабарлады. Ресми өкілдің сөзінше, барлық мән-жайды анықтап, жерлестеріміздің жағдайын білу үшін ҚР консулы апат орын алған өңірге шұғыл түрде жолға шыққан.
Comments