Журналист Амангелді Батырбеков бостандыққа шықты. Бұл туралы журналистің өзі Facebook парақшасына жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Достар, мен шықтым бостандыққа қайтадан! Парақшамды қарап шок болдым, не деген қолдау?! Мені қолдаған баршаңызға алғысым шексіз, - деп жазды журналист.
Айта кетейік, 4 шілде күні Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен «Сарыағаш-ақпарат» газетінің бас редакторы Амангелді Батырбеков 20 тәулікке қамауға алынған болатын.
Журналист Батырбеков өз басылымында 2019 жылы Мәжіліс депутаты Болатбек Нәжметдинұлының «Алаяқтық» бабы бойынша күдікті болғанын мәлімдеген. Мәжілісмен Батырбековтің сөзін оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіру, жала жабу деп бағалап, сотқа жүгінген.
On the occasion of the International Chess Day, the BI Chess city tournament was held for the first time in Shymkent
A record amount. Astana administration will spend 2.6 billion tenge on preparations for the new year