Алматыда үш баласы бар келіншек үйінде өз-өзіне қол салған. Бұл туралы Немолчи.кз қорына әйелдің көршісі Жібек Аменова мәлімдеген, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Оқиға Алматы қаласы Мамыр-4 шағын ауданында болған. Келіншек балаларының көзінше үйде асылып қалған.
Туыстары мен көршілерінің айтуынша, әйел жиі күйеуінің соққысына жығылған. Оны мұндай қорқынышты әрекетке тұрмыстық зорлық-зомбылық итермелеген болуы мүмкін дейді олар.
Келіншек – Қырғызстанның тумасы. Алматыда ешқандай танысы жоқ. Есімі – Айпері, – деді Дина Таңсәрі.
Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті түсініктеме беріп, тергеу шаралары жүріп жатқанын түсіндірді.
Алматы қалалық полиция департаменті аталған дерек ҚК-нің 105-бабы “Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу” бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Ал Әуезов аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері 1994 жылғы Б. деген азаматтың не себепті өзіне қол салғанын анықтауға бағытталған кешенді тергеу шараларын жүргізуде.
Қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды”, – деді полиция департаменті.
An Iranian director who had been unable to leave the country for 22 years has won at the Cannes Film Festival
It was reported that the Deputy Commander-in-Chief of the National Guard was arrested while accepting a bribe
