Шығыста Абай ескерткішін шимайлағандардың заңды өкілдеріне айыппұл салынды

2836
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/07/202307141503_0.jpeg
Өскеменде Абай ескерткішінің тұғырын шимайлаған жасөспірімнің заңды өкілдеріне айыппұл салынды.  Мұндай шешім «кәмелетке толмағандар вандализмі» бабы бойынша әкімшілік іс аясында қабылданды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы YK-news.kz-ке сілтеме жасап. Жергілікті полиция 10 шілдеде Абай ескерткішіне белгісіз біреулердің сурет салып кеткені туралы ақпарат алған. "Шимай сүйген шалағайлар" видеобақылау камералары арқылы анықталды. Шығыс Қазақстан облыстының полиция департаменті бұған қатысты:
«2 шілде күндіз кәмелетке толмаған үш жасөспірім ескерткішке велосипедпен келген. Олардың бірі ескеркішке жазу жазып кетті»,- деп жазды.
«Суретші» табылып, сотқа «кәмелетке толмағандар вандализмі» 448-бабы бойынша әкімшілік іс берілді. 13 шілдеде сотта қаралды. Айта кетейік, бұл бап бойынша жасөспірімдердің ата-анасы немесе заңды өкілдері жауапқа тартылады. Атап айтқанда, 15 АЕК немесе 51750 теңге айыппұл салынды.

"Адырна" ұлттық порталы

Comments