Владимир Зеленский Жапонияға барды. Ол Хиросимада өтіп жатқан G7 елдерінің саммитіне қатысуда, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Украина басшысының сапары жайлы жапон бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазуда.
Зеленскийдің өзі телеграм арнасында Украинаның "маңызды серіктестерімен және достарымен" саммитте кездесетінін аңғартып, арнайы жазба қалдырды. Оның жазбасында:
"Әлем бүгін бір-біріне жақындай түседі", - деген жолдар бар.
Зеленский 21 мамыр күні өтетін Украинаға арналған саммит сессиясына қатысады. Сонымен қатар, екі мемлекет басшылығы арасында бірқатар екіжақты кездесулер жоспарға енгізілген.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
Round table on the topic "Problems of availability of additional online education and preparatory courses for students of rural schools"
