Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясының отырысында сепаратизм белгілеріне Қазақстан халқы жұрт болып қарсы тұру керектігін айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
"Біздегі бірлік пен келісімді бұзуға бағытталған кез келген арандатушылықтың жолын кесу қажет. Біз қоғамдық өрісте әртүрлі жалған немесе фейк, деструктивті жарияланымдардың айтарлықтай көбейгенін көріп отырмыз.
Ондай жарияланымдардың басым көпшілігінде авторлардың Қазақстанмен еш қатысы жоқ. Шетелден әрекет ете отырып, қоғам арасында жанжал тұқымын себуге тырысады. Олардың риторикасы мен әрекеттері сенімсіздік атмосферасын қалыптастыруға, адамдар арасындағы алауыздықты қоздыруға, мемлекеттік қауіпсіздікті бұзуға бағытталған", - деді Президент.
Президенттің айтуынша, теріс пиғылдағылардың талпынысымен тұрмыстық немесе қылмыстық сипаттағы кез келген кикілжің этносаралық деңгейге шығып, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
"Сондықтан біз жауапты азаматтар ретінде ракдикализмнің, экстремизм мен сепаратизмнің кез келген белгілеріне қарсы тұрып, бұл мәселеде байыпты әрі қатаң, түптеп келгенде әділетті болуымыз керек", – деді Мемлекет басшысы.
Lavrov's hopes were not fulfilled. Tajikistan openly said that there was no way to the Eurasian Economic Union
Villagers do not participate in TV rating research. That is why the life of Kazakh programs is short.