Бүгін, 9 сәуірде Атырауда алғаш рет экологияға арналған рұқсат етілген наразылық өтіп жатыр. Бұл туралы "Ақ Жайық" басылымы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Атырау қаласындағы "Мұнайшы" стадионының алдына 400-ге жуық адам жиналып, қаланың экологиялық мәселесіне назар аударды.
Наразылыққа қатысушылардың көпшілігі жастар. Олардың қолдарында "Өкпеге ауа жетпейді", "Тыныс алатын ештеңе жоқ", "Атырау демал", "Экология пайдадан қымбат", "Біз Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 198-бабының орындалуын талап етеміз" деген жазулар болды.
Айта кетейік, наразылық бейбіт түрде өтті. Акцияға қатысушылардың арасында журналистер мен қала белсенділері де бар.
https://youtu.be/nBJDad5b5FwRelated news
KASYM-ZHOMART TOKAYEV: The thermal power station of the capital is managed by a lawyer, the thermal transit is managed by an agronomist, and the city water channel institution is managed by a zootechnician.
