Украинаның Киев қаласында орнатылған қазақтың киіз үйлерінде Наурыз мейрамы тойланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Киіз үйлердің жанында оркестр ойнап, мерекеге қатысқан Украина астанасының мэрі Виталий Кличко құттықтау сөз сөйледі. Ол Қазақстанға украин халқына көмектескені үшін алғыс айтып, барша жұртты мерекемен құттықтады.
Сондай-ақ Кличко Киевтегі 50 мыңнан аса украиндықтың киіз үйді аралап, қазақ мәдениетімен танысқанын атап өтті. Ол киіз үй Қазақстанға жер аударылып, Арал теңізін зерттеген капитан Бутаковтың атақты экспедициясына қатысқан Тарас Шевченко атындағы саябақта орналасқан.
Related news
The situation was serious. A three-year-old baby bathed in a fountain was brought to the intensive care unit