Бала еміне жұмсалатын қаражатты қалтасына басып, құмар ойынға салған әуесқой есепші сотталды. Талдықорған қалалық соты балалар емханасының есепшісін бес жыл бас бостандығынан айырды. Құмар ойынға шырмалып, бала еміне жұмсалатын қаржыны құрбан еткен есепшінің елге келтірген шығыны - 109 миллион теңге, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы соттың баспасөз қызметіне сілтеме көрсетіп.
Сотта бухгалтердің 2021 жылдың
«It means ‘I made a mistake.’»Cherchesov commented for the first time on his joke about the Kazakh language
1 наурызынан бері аурухана шотындағы ақшаға қол салып, жымқырып келгені анықталды. Барлық ақшаны құмар ойынға жұмсағаны белгілі болды.
Ақырында, ауруханаға 109 млн теңге шығын келген.
Сот отырысында сотталушы маман кінәсін толық мойындап, келтірілген зиянды өтеуге уәде берді.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Related news
