Шығыс Қазақстан облысында былтыр 37 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл - 533 участок деген сөз. Оның жетеуі осы облысты 2004-2007 жылдар аралығында басқарған Виктор Храпуновқа тиесілі болып шықты. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасы хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
Бұрынғы әкім ең шұрайлы жерлерді иеленген. Мәселен Бұқтырма су қоймасының жағалауы мен Самар ауданында бірнеше жер телімдері болғаны анықталды.
Сонымен қатар Өскемен қаласында 4 учаскені алып қойған. Бұл жерлер 10 жылдан бері бос тұрған.
Облыстық прокуратура өкілдерінің мәлімдеуінше, Храпуновқа қарасты барлық жер телімінің жалпы құны 5 миллиард теңгеден асады.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
The Prime Minister: A film will be made based on the plot of the short story “The Death of the Tazy.”