Үкімет тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев атындағы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияның атауын өзгертті, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.
Тиісті қаулы республиканың нормативтік құқықтық актілер порталында орналастырылды.
Жарлыққа сәйкес, жаңа атау – "мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия" деп аталатын болады.
Стипендия құрметті атақтармен және мемлекеттік наградалармен марапатталған шығармашылық және мәдениет қызметкерлеріне, сондай-ақ ерекше дарынды жас шығармашылық қызметкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету үшін жыл сайын тағайындалатын болады.
Related news
The idea of mold at the neighbor's expense. Those who sold Russian wheat on behalf of Kazakhstan were arrested