Алматы облысында жоғалған бүтін бір отбасы табылды

4764
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/01/screenshot_2-1-960x500.jpg?token=b994a32137b10826fbecd3d6a285fc21
Алматы облысында 2 қаңтар күні жоғалып кеткен отбасы мүшелері аман-есен табылды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.
“Республикалық жедел-құтқару жасағы тобы мен Қонаев қаласы жедел-құтқару жасағы бірігіп Бартоғай су қоймасы жағынан Фесенков атындағы Астрофизика институтының обсерваториясына жетпей 40-қа жуық автокөлік табылды. Адамдардың саны анықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер жоқ. Жоғалып кеткен 7 адамнан тұратын отбасы да сол жерде екен. Көбісінің көлігінде жанармай таусылып қалған. Қазіргі уақытта құтқарушылардың күшімен автокөліктерге жанармай құю және адамдарды машиналарымен колонна арқылы эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде”, –  делінген хабарламада.
Еске салайық, бүтін отбасы 2 қаңтар күні жоғалып кеткен еді. Олар Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылынан 80 шақырым жердегі таулы аймақ тұрғындары.  
Comments