Биыл студенттердің стипендиясы 20%-ға өседі

4538
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/01/06d86242-e7dc-4e3b-bae2-e6fccfc411b3.jpeg
Биыл студенттердің стипендиясы 20%-ға өседі. Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Биыл студенттердің стипендиялары 20%-ға, ал магистранттар мен докторанттардың стипендиялары 2020 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 15%-ға өседі. Бұдан басқа, мемлекеттік білім беру гранттарының санын 10%-ға ұлғайту жоспарланған. Сонымен қатар студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету жұмыстары басты назарда. Бірінші жартыжылдықта мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 5500 орындық 9 студенттік жатақхананы пайдалануға беру жоспарлануда. Бұған қоса, жатақханаларды қайта жөндеу және салу ісі МЖӘ тетігі бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте ЖОО-лар жатақханаларда орындардың қажетті саны болған жағдайда ғана қосымша мамандықтар аша алатын болады.
Comments