Премьер-министр Әлихан Смайылов өз мүмкіндіктеріне сенбейтін министрлерге орнын босатып беруді ұсынды. Бұл туралы ол үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
"Премьер-министр ретінде мен Президент жүктеген тапсырмалардың орындалып, нәтижелі шешілуі үшін бәрін жасаймын. Әр қазақстандық жұмыстың нәтижесін сезінуі үшін мұндағы үкіметтің әр мүшесі тиімді жұмыс істейді деп күтіледі. Қойылатын талаптар өте жоғары. Өз қабілеттеріне сенімді емес және шешім қабылдай алмайтындар қазірден орынды босата берсеңіздер болады. Біз халықты қолдайтын, батыл шешім қабылдап, оның жауапкершілігін көтере алатындармен ғана жұмысты жалғастырамыз", - деді Смайылов үкімет отырысында.
Related news
Free education will be paid by the war. It was said that in Russia, students going to the war study for free
