Маңғыстауда жоғалып кеткен Асқар Ерланұлы Қылышбеков 9 күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.
18 жастағы Асқар Қылышбеков 2 желтоқсанда Маңғыстау ауданының Шетпе елдімекеніндегі үйінен шығып кеткен.
«Асқарды 2 желтоқсаннан бері еліміздің түпкір-түпкіріндегі азаматтар болып іздеп жатырмыз. Әлі табылған жоқ»,- деді «Лидер.кз» еріктілер қозғалысының жетекшісі Давид Миникаев.Асқардың бойы ұзын - 180 см, арық, шашы қара. Оның үстінде қара күртесі, қанық көк шалбары, қолында қалың киімдері салынған пакеті болуы мүмкін. Егер көрген-білгендер болса, +77004997292, +77007292012байланыс номерлеріне хабарласа алады.
Related news
"When people struggle with water". Ex.com. of Atyrau region made a statement regarding the employee who inspected the vehicle
A state that lived for two months and four days. Today is the day of establishment of Turkestan Mukhtariat