Маңғыстауда жоғалып кеткен 18 жастағы жігіт 9 күннен бері табылмай жатыр

4027
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/12/c3c8c853-76d0-423b-a184-ae50be9c9592.jpeg
Маңғыстауда жоғалып кеткен Асқар Ерланұлы Қылышбеков 9 күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.  18 жастағы Асқар Қылышбеков 2 желтоқсанда Маңғыстау ауданының Шетпе елдімекеніндегі үйінен шығып кеткен.
«Асқарды 2 желтоқсаннан бері еліміздің түпкір-түпкіріндегі азаматтар болып іздеп жатырмыз. Әлі табылған жоқ»,- деді «Лидер.кз» еріктілер қозғалысының жетекшісі Давид Миникаев.
Асқардың бойы ұзын - 180 см, арық, шашы қара. Оның үстінде қара күртесі, қанық көк шалбары, қолында қалың киімдері салынған пакеті болуы мүмкін. Егер көрген-білгендер болса, +77004997292, +77007292012байланыс номерлеріне хабарласа алады.
댓글
기타 기사