Күні кеше Ақтау қаласының әкімі Ербол Ізбергенов қаладағы ыстық су тапшылығына байланысты мәлімдеме жасап, түсініктеме берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Қазір қаладағы тозығы жеткен құбырлар мен кәріз жүйесі жаңартылып жатыр.
Lada.kz сайтының хабарлауынша, ыстық судан таршылық көрудің басты себебі "МАЭК-Қазатопром" ЖШС-нің тозығы жеткен жабдықтарымен тығыз байланысты. Қазіргі таңда кәріз жүйесі мен құбырлар жоспарлы түрде жөнделіп жатыр.
"Кешеден бері ыстық су тапшылығы мәселесімен бетпе-бет келдік. Оның басты себебі - "МАЭК-Қазатопром" ЖШС-нің тозығы жеткен жабдықтарын жоспарлы жөндеу. Қала тұрғындарын үздіксіз жылумен қамтамасыз ету үшін амалсыздан ыстық су беруді уақытша шектеуге тура келді. Бұл жағдай менің жіті бақылауымда. Қазір мәселені қысқа мерзімде шешу үшін барлық күш жұмылдырылды. Барлық азаматты сабырға шақырамыз!" - деді Ақтау қаласының әкімі Ербол Ізбергенов.Әкім тұрғындарға тез арада ыстық су жеткізуге мұрындық боларын айтып отыр. Биылғы қыс қазақстандықтарды сарсаңға салды. Елде жылыту маусымы басталғалы бері 26 технологиялық апат орын алып, халық беймаза күй кешті.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
10,000 military personnel were mobilized to protect the western regions from water - Olzhas Bektenov
Nurlan Auesbayev, candidate for the presidency of the Republic of Kazakhstan, met with voters in the capital
