Ресейдің "Россия 1" арнасындағы “Вечер с Владимиром Соловьевым” саяси ток-шоуында саясаттанушылар Қазақстанды Украинадан кейін проблема деп атады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
“Тыңдаңыздар, енді Қазақстан – біздің келесі мәселеміз екеніне назар аударайықшы. Себебі ол жақта да Украинадағыдай нацистік үдеріс қалыптасуы мүмкін. Ол елде орыстар да көп, аумағы да, Семей де, оған қоса, Росатомның ядролық материалдары да сол жақта”, – дейді сарапшылардың бірі.
Бұған ток-шоуды жүргізуші Соловьев та пікір білдірді.
“Әрине! Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара құрлықтағы ең ұзын шекара”, – деп жауап берді.
Айта кетейік, мамандар бұл ток-шоу мен Владимир Соловьевты Ресей саясатын үгіттеуші деп біледі. Украинадағы соғысты жақтаған тележүргізушіге бұрын Еуропа одағы бірнеше санкция салған еді.
He supported the war. The sale of tickets for the concert of the "Kamyzyaki" band in Almaty has been temporarily suspended