Сапасыз білім беріп, тек диплом таратумен айналысқан еліміздегі 5 жоғары оқу орнын жабу бойынша сот процесі жүріп жатыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев айтты, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы.
“Соңғы 2-3 жылда диплом тарататын университеттермен жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінде 15 университет жабылды. 5 университті жабу бойынша сот процесі жүріп жатыр. Биыл 28 рет мемлекеттік бақылау жүргіздік. Оның 14-і – жоспарлы түрде, қалғаны – профилактикалық бақылау”, - деді министрдің орынбасары ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.Қуаныш Ерғалиев аталған жоғары оқу орындарында нақты қанша студент барын айта алмады.
«Онда қанша студент білім алып жатқанын айта алмаймын. Алайда әр университетте шамамен 2-3 мың студент білім алады деп есептесек, онда 10 мың студент болуы мүмкін», - деді вице-министр.
Related news
Kazakhstani students will compete for the title of the best robotics in international competitions in the United States
If you approach the production, they will organize pressure from Russia in various ways - Abzal Kuspan