Пара алғаны үшін 4 жылға сотталған вице-министр бостандыққа шықты

4449
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/10/fb079dbe-42d4-4640-9594-92b91fb3105c.jpeg
4 жылға сотталған бұрынғы қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев 2,5 айдан кейін бостандыққа шықты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Шенеунік 2021 жылдың қыркүйегінде Қаржы министрлігінің жобаларын цифрландыруды қарастыратын тендерде «Әл-Фараби Partners» ЖШС жеңіске жеткені үшін Байбосынов пен Бұхарбайдан 1,2 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жылға сотталған еді. Алайда 81 күннен кейін сот бұл жазаны өзгертіп, Еңсебаевқа 66 миллион теңге айыппұл төлеуге үкім шығарды. Бұл шешімді елордалық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасы қабылдаған.
Comments