Алаш мұрасы және ұлттық жазу өркениетін жас ұрпаққа таныстырып, шәкірттерді руханият қайнарынан сусындату үшін Ахмет Байтұрсыновтың шығарған төте жазуы арнайы оқытылатын болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ақжарма жаңалық жайлы алаштанушы ғалым, белгілі зерттеуші Айгүл Ісмақова жазды:
"әл-Фараби атындағы ұлттық университеттің мерейі үстем болды. Университетте Ұлт ұстазының төте жазуы оқытылатын болды. "Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін деген Ахмет Байтұрсыновтың сөзі бекер айтылмаған екен!" - деді ғалым.Хабарландыруда: "Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай ғалымның өз әдісі бойынша төте жазуды үйретіледі. Келем деушілерге есігіміз ашық!" - делінген. Бастамаға қатысты алаштанушы ғалымдар, жас ізденушілер мен оқырмандар пікір білдірді.
Related news
Makpal Zhumabay was appointed as an adviser to the Minister of Information and Social Development of the Republic of Kazakhstan
