Үкіметтің қаулысымен Руслан Нұрашұлы Баймишев Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Руслан Баймишев 1980 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
«Фемида» заң академиясын, Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін тәмамдаған.
2008-2016 жылдары Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Қазгеоинформ» республикалық геологиялық ақпарат орталығында түрлі қызметтерді атқарды.
2016-2019 жылдары – Инвестициялар және даму министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаменті директорының міндетін атқарушы, директоры;
2019 жылғы желтоқсаннан қазіргі кезге дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болды.
”Адырна” ұлттық порталы
Related news
KANAT AITBAYEV: In many “films,” there is no meaning, substance, moral lessons, or literary language at all
The idea of mold at the neighbor's expense. Those who sold Russian wheat on behalf of Kazakhstan were arrested
