Елена Рыбакина әлемнің тоғызыншы ракеткасын жеңді

4590
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/08/a13f1cd9-533a-4fda-8896-8d9434a1b98e.jpeg
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Цинциннатиде (АҚШ) өтіп жатқан турнирдің екінші айналымында әлемнің тоғызыншы ракеткасы Гарбин Мугурузамен кездесті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Тартыс 1 сағат 15 минутқа созылып, отандасымыздың жеңісімен аяқталды. Есеп 6:3, 6:1 болды. Осылайша Рыбакина 1/8 финалға шықты. Айта кетейік, турнирдің жүлде қоры 2 527 250 долларды құрайды.
Comments