Қызылжарда, Ресеймен шекаралас аймақта логистикалық кешен салынады

162
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/nUONGxZL3caYDUgrfRnRJT8Dpcp9109xjr5VG7C5.jpg

Фото: ЖИ

Қазақстанның Петропавл қаласында Kyzylzhar Hub көлік-логистикалық кешені салынады, деп хабарлайды "Адырна". 

Жоба аясында Ресейдің Ozon маркетплейсі мен Қытайдың Alibaba онлайн сауда алаңындағы тауарларды сақтауға, өңдеуге және таратуға арналған инфрақұрылым құру жоспарланып отыр.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәліметінше, жоба электронды сауда нарығына қызмет көрсететін заманауи логистикалық инфрақұрылым қалыптастыруды көздейді.

Жобаның инвестициялық құны 29 миллиард теңгеге бағаланып отыр. Кешеннің тұжырымдамасын Біріккен Араб Әмірліктерінен келген Royal Investment International компаниясы ұсынған. 18 қарашада облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов компания құрылтайшысы Марат Салиховпен келіссөз жүргізген.

Болашақ логистикалық орталықтың жалпы аумағы 102 мың шаршы метрді құрайды. Оның құрамында азық-түлік пен халық тұтынатын тауарларға арналған арнайы қоймалар, жүктерді қайта тиеу алаңдары және кеңсе бөлмелері болады.

Жоба іске асқан жағдайда Петропавл қаласының көлік-логистикалық әлеуетін арттырып, электронды сауда саласындағы тауар айналымын дамытуға мүмкіндік береді.

Comments