Прагада пойыздар бетпе-бет соқтығысып, 46 адам зардап шекті

248
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/T9YW72NDDp7jMHjncTAnBfBVS4imMnjTRs5QEyve.webp

Фото: ANADOLU VIA GETTY IMAGES

Чехия астанасы Прагада жолаушы таситын екі пойыздың бетпе-бет соқтығысуы салдарынан 46 адам жарақат алды. Олардың төртеуінің жағдайы ауыр. Оқиға қаланың орталығында, Бас теміржол вокзалы маңындағы көпірде болған, деп хабарлайды "Адырна".

DW хабарлауынша, теміржол апаты 17 қараша жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 07:00 шамасында тіркелген. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, екі пойыз да төмен жылдамдықпен қозғалған. Зардап шеккендер арасында Украинаның 15 азаматы бар.

Апаттан кейін қала маңына қатынайтын пойыздардың қозғалысы шамамен екі сағатқа шектелді. Оқиға орнына полиция, өрт сөндіру қызметі мен жедел жәрдем бригадалары жіберілді. Сағат 09:00-ден кейін Праганың Бас вокзалындағы төрт платформаның жұмысы қайта қалпына келтірілді.

Әзірге пойыздардың бір теміржол учаскесіне қалай қатар шыққаны белгісіз. Чехияның көлік министрі Иван Беднарик болған жағдайды «өте ауыр жағдай» деп бағалап, қазіргі уақытта апаттың себептері мен барлық мән-жайы тексеріліп жатқанын айтты.

Алдын ала бағалау бойынша, оқиғадан келген материалдық шығын кемінде 650 мың еуроны құрайды.

Comments