Трамп Қытайда Ким Чен Ынмен кездесуі мүмкін

351
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/1kQzghTlGOODFBkebqeHstwO7ndQdD0kzJPKxtip.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп алдағы күндері Қытайда Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен кездесуі мүмкін. Бұл туралы америкалық көшбасшы Азияға сапары алдында журналистерге берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мемлекет басшысының сапарындағы алғашқы аялдама Филиппин болады. Трамп елге жергілікті уақыт бойынша 17 қараша күні кешке жетеді.

Одан кейін АҚШ президенті Қытайға аттанады. 19 қарашада Ресей президенті Владимир Путин және Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен үшжақты келіссөздер өткізу жоспарланған.

«Біз Ким Чен Ынмен де кездесуіміз мүмкін. Бұл жақсы болар еді. Көптеген мәселеде нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндігіміз бар», – деді Трамп журналистерге.

Путин және Си Цзиньпинмен келіссөздер Қытайдың оңтүстігіндегі Шэньчжэнь қаласында, Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммиті аясында өтеді. Кездесудің негізгі тақырыбы ядролық қарусыздану болмақ.

«Біз ядролық қарусыздану мәселесін талқылаймыз. Бұл – күрделі тақырып. Өйткені тараптардың кез келгеніне «Біз ядролық қаруымыздан бас тартамыз» деп айту өте қиын. Әсіресе, басқа елдерде де ядролық қару бар екенін ескерсек», – деді Трамп 16 қарашада.

Оның айтуынша, тараптар кездесуде Иран мен Украина төңірегіндегі қақтығыстарды, сондай-ақ экономика мен сауда мәселелерін де талқылайды.

Бұған дейін тамыз айында Трамп Ким Чен Ынмен қарым-қатынасына оң баға беріп, екеуі жыл соңына дейін кездесуі мүмкін екенін айтқан болатын. Алайда ол кезде кездесудің нақты мерзімі мен өзге де егжей-тегжейін жарияламады.

Comments