Фото: Ақорда
Ертең, 13 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің көлік-логистика саласын дамыту мәселелеріне арналған шұғыл отырысы өтеді, деп хабарлайды “Адырна”.
Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Жиында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің ұстанымын білдіреді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтау, ұлттық компания басшыларының жеке жауапкершілігін арттыру, стратегиялық маңызы бар кәсіпорындардың қызметінде заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталады.
Бұдан бөлек, «Самұрық-Қазына» қорының жұмысын реформалау, ұлттық компаниялардың басқару құрылымын оңтайландыру, мемлекеттік сатып алудың ашықтығын қамтамасыз ету және «Қазақстан темір жолының» тариф саясатын өзгерту мәселелері де күн тәртібінде қаралады.
