Шыңғыс қаған туған күн. Моңғолия Ұлттық мақтаныш мерекесін атап өтуде

248
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/v5AqKCWPLYSRprkx5ettqreGgaGKii9C45hXefFf.jpg

Бүгін Моңғолияда ұлы Шыңғыс ханның туғанына 864 жыл толуына орай Ұлттық мақтаныш күні аталып өтіп жатыр, деп хабарлайды "Адырна".

Бұл мереке ай күнтізбесі бойынша қыстың алғашқы айының бірінші күніне сәйкес келеді.

Аталған күн 2012 жылы Моңғолия Президентінің жарлығымен мемлекеттік мереке мәртебесіне ие болған. Тарихи датаны белгілеу туралы шешім Моңғолия ғылым академиясының ұсынысы мен арнайы жұмыс тобының қорытындысы негізінде қабылданған.

Шыңғыс ханның тарихи мұрасы халықаралық деңгейде де мойындалған. 1995 жылы америкалық The Washington Post басылымы оны «Мыңжылдық адамы» деп атаған. Ал 2005 жылғы 14 қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясы «Моңғол мемлекеттілігінің 800 жылдығы» атты 60/16 қарарын қабылдады.

Құжатта көшпелі өркениеттің әлемдік мәдениеттер арасындағы диалогты дамытуға, сауда байланыстарын кеңейтуге және түрлі өркениеттердің өзара ықпалдастығына қосқан үлесі атап өтілген. Сондай-ақ Моңғолияның көшпелі мәдениет пен дәстүрді сақтауға бағытталған бастамаларына қолдау білдірілген.

Comments