Бакуден қанаттанып қайтқан Ердоған бауырластық жайлы айтты

325
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Wvff7NNZEme3ZCa8cuJQi2uDfF2fOEYrttNjymdJ.webp

Түркия мен Әзербайжанның арасына іріткі салуға бағытталған әрекеттер сәтсіздікке ұшырайды. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Әзербайжаннан қайтып бара жатып, ұшақ бортында журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Түркия басшысы екі ел арасындағы бірлік кейбір топтың алаңдаушылығын туғызып отырғанын атап өтті.

«Тарихқа көз жүгіртсек, Түркия, Әзербайжан және басқа да түркі мемлекеттері бірлесіп әрекет еткенде қандай мүмкіндіктерге ие болатынын түсінуге болады. Біз – институционалдық құрылымы әртүрлі мемлекеттерміз. Алайда арамызды берік бауырластық байланыс біріктіреді. Біздің күш-қуатымыз да осы бірлікте. Бауырластығымыз – ортақ тарихымыздың, мәдени мұрамыздың және келер ұрпаққа аманат ететін асыл құндылықтарымыздың ең сенімді кепілдерінің бірі», – деп атап өтті Режеп Тайип Ердоған.

Сондай-ақ ол екі ел тағдырының ортақтығына, ынтымақтастығы мен бауырластық байланысының мызғымастығына назар аударды.

«Түркия мен Әзербайжан өңірдегі бейбітшілік, тұрақтылық пен өркендеуді қамтамасыз ету жолында алдағы уақытта да әрдайым бірге болады», – деді президент.

Ескк салайық, Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев 29-30 қазанда Анкарада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатыспаған еді. Бұған президенттің жұмыс кестесінің тығыздығы себеп болғаны айтылған.

Comments