Металлургия зауытында жарылыс болды. Бірнеше адам қаза тапты

157
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/lFjSZrUrw3HgBaw7di2HXN7SYEEEww2YWQ3TWftG.webp

Түркиядағы металлургия зауытында болған жарылыстан алты адам қаза тауып, тағы 15 адам зардап шекті. Бұл туралы Star газеті жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

9 қарашада елдің батысындағы Измир провинциясында орналасқан металлургия кәсіпорнында жарылыс болған. Бұған дейін провинция әкімшілігі оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, 14 адам жарақат алғанын хабарлаған еді. Сонымен қатар 10 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында болған.

«Үш азаматымыз қаза тауып, 14 адам жарақат алды. Олардың үшеуінің жағдайы ауыр. Үйінді астында қалған 10 азаматты құтқару жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр», – деді Измир губернаторлығы.

Star газетінің мәліметінше, кейін қаза тапқандар саны алты адамға дейін өскен.

«Өкінішке қарай, қаза тапқандар саны алтыға жетті», – деп аймақтық билік өкілінің сөзін келтірді басылым.

Қазіргі таңда оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Шығын ықтималдығы да жоғары. 

Comments
Other materials