Мәскеуден Алматыға ұшқан SCAT әуе компаниясының ұшағы шұғыл түрде Астана әуежайына қонуға мәжбүр болды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Оқиға 8 қарашада болған.
«Мәскеу – Алматы бағытындағы DV 1008 рейсін орындау кезінде борттық жүйенің дабыл индикаторы іске қосылды. Экипаж ұшақты Астанадағы базалық әуежайға қондыру туралы шешім қабылдады. Қону штаттық режимде өтті», – делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, жолаушыларды Алматыға жеткізу үшін әуе компаниясы қосалқы ұшақ ұсынған. Әуе кемесін күту кезінде жолаушыларға салқын сусындар берілген.
Айта кетейік, қазан айында Алматыдан Павлодарға бағыт алған FlyArystan ұшағы кері қайтуға мәжбүр болған еді.
Related news
