АҚШ-та 44 муниципалитетте бюллетень сканерлері жұмыс істемей қалды

140
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/q4XDLrDUSx0xPOZYS4Jj2ukL26mz5tlQ3Tyxda9T.jpg

АҚШ-та аралық сайлау өтіп жатқан кезде Нью-Йорк штатының Уэстчестер округінде дауыс санау жүйесінде техникалық ақау болды. Округтің 45 муниципалитетінің 44-інде бюллетеньдерді сканерлейтін құрылғылар істен шыққан, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі CNN-ге сілтеме жасап.

Жергілікті билік ақауға бағдарламалауда жіберілген қателік себеп болғанын мәлімдеген. Соған қарамастан, билік өкілдері пайдаланылған барлық қағаз бюллетень толық санақтан өтетінін хабарлаған. Ақауды жою және сайлау процесін жалғастыру үшін өңірге қосымша резервтік құрылғылар жіберілген.

Техникалық ақау АҚШ Өкілдер палатасындағы орын үшін республикашыл Майк Лоулер мен демократ Кейт Конли арасында тартысты бәсеке жүріп жатқан округте тіркелген.

Оқиғадан кейін интернетте сайлаудың қауіпсіздігіне қатысты түрлі мәлімдемелер мен заңбұзушылықтар туралы айыптаулар тарай бастаған. Алайда бұл мәлімдемелерді растайтын сайлау кезіндегі алаяқтық деректері әзірге анықталған жоқ.

Айта кетейік, сайлау нәтижелері жіті бақыланып отырған өңірдегі техникалық ақау дауыс санау және қорытындыны жариялау процесіне қатысты жаңа пікірталастарға себеп болуы мүмкін.

Comments