Ұлытау облысында су тасқынына дайындық жұмыстары пысықталды

365
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/nMBBWjTDDZ6LdaW2dpMZNS8JtKUIG9Wiuafe0UcJ.jpg

Ұлытау облысында су тасқыны кезеңіне дайындық аясында су басу қаупі бар аумақтарға әуеден мониторинг жүргізілді. Жұмысқа облыс әкімі Есет Байкен қатысып, өзен арналарының, су қоймалары мен гидротехникалық құрылыстардың жай-күйімен танысты.

Мониторинг барысында елді мекендердің айналасындағы жағдай да назарға алынды. Жауапты қызмет өкілдерімен бірге жаз мезгілінде атқарылған жұмыстар тексеріліп, қосымша шараларды қажет ететін проблемалық учаскелер анықталды.

Сондай-ақ тасқын суларын жинақтап, ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне пайдалану мүмкіндігі қарастырылды. Бұл бағытта су алу құрылыстарын орналастыруға қолайлы аумақтарды зерделеу қажеттігі айтылды.

Облыс әкімі тиісті басқармалар мен жауапты қызметтерге су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстарын жалғастырып, ықтимал қауіптердің алдын алу шараларын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Comments
Other materials