Telegram мессенджерінің жұмысына қатысты әлемнің бірнеше елінен шағымдар түсті. Бұл туралы онлайн-сервистердегі ақауларды бақылап отыратын Downdetector порталы хабарлады, деп жазады "Адырна".
Портал мәліметінше, соңғы бір сағат ішінде Telegram жұмысына қатысты мыңнан астам хабарлама тіркелген. Шағымдар АҚШ, Германия, Испания, Франция, Италия, Нидерланд, Хорватия, Жапония және Индонезия тұрғындарынан түскен.
Пайдаланушылар қосымшаның ашылмай қалуы, хабарламалардың кешігіп жетуі немесе мүлдем келмеуі, сондай-ақ аккаунттарға кіру кезінде қиындықтар туындағанын айтқан.
Әзірге ақаудың нақты себебі туралы ақпарат жоқ.
Related news
