14 қазанда Ресейдің Сыртқы барлау қызметінің басшысы Сергей Нарышкин Кабулға барып, «Талибан» әкімшілігінің барлау ведомствосын басқаратын Абдулхак Васикпен кездесті. Бұл туралы ауғандық бұқаралық ақпарат құралдары жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Сапар туралы ауған оппозициялық Hasht-e Subh басылымы, Khaama Press ақпарат агенттігі және AtlasPress агенттігі қысқаша ақпарат таратқан.
TOOS News басылымының мәліметінше, тараптар екіжақты қарым-қатынасты дамыту, барлау мәліметтерімен алмасу және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылаған.
Алайда келіссөздердің егжей-тегжейі мен сапардың мақсаты әзірге жарияланған жоқ. Hasht-e Subh басылымының сөзінше, Ресей мен Ауғанстанның ресми билік өкілдері бұл сапарға қатысты ешқандай мәлімдеме жасамаған.
"Under psychiatric care": in Petropavlovsk, a pupil brought an ax and a knife to school and injured three children
