Алматы метросында жолаушының сөмкесінен патрон табылды

99
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/REVq23OUkrgsXdZLea6Rqu3koczKsJ7lT6DqzdRS.jpg

Алматы метросының «Алатау» станциясында жолаушының сөмкесінен екі оқ-дәрі анықталды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды "Адырна".

Ведомствоның мәліметінше, полиция қызметкерлері көлік қауіпсіздігі мамандарымен бірлесіп, рентген аппараты арқылы тексеру жүргізген. Нәтижесінде ер адамның сөмкесінен калибрі 5,45 мм болатын екі патрон табылып, тәркіленді.

Оқиғаға қатысы бар ер адам ұсталып, тиісті процестік шешім қабылдау үшін Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне тапсырылды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Comments