Ресейдегі газ құбырындағы жарылыс. Қазақстанға әсері қандай?

111
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/2JRJuC6BZiD6JXeF3ZYX5izYqcrR1D2m40POnwCZ.webp

Қазақстан энергетика министрлігі Ресейдің Пенза облысында «Орта Азия – Орталық» магистральдық газ құбырында болған жарылысқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды "Адырна".

Ресейлік БАҚ-тың мәліметінше, оқиға Волчково ауылы маңында болған. Жарылыстан кейін газ жанып, жалынның биіктігі 70 метрге дейін жеткен. Кейін жоғары қысымды магистральдық газ құбырында зақымдану болғаны туралы ақпарат тарады

Қазақстан энергетика министрлігінің хабарлауынша, Ресейден Қазақстанға газ жеткізу қолданыстағы келісімшарттар мен өтінімдерге сәйкес қалыпты режимде жалғасып жатыр. Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға газ транзиті де жоспарға сай жүзеге асырылуда.

«Қазақстанның газ тасымалдау жүйесінің жұмысында ауытқулар тіркелген жоқ. Аталған оқиға Қазақстан тұтынушыларын газбен қамтуға әсер етіп отырған жоқ. «Газпром» тарапынан диспетчерлік байланыс арналары арқылы газ жеткізу режимін өзгерту туралы өтініш түскен жоқ», – делінген министрлік хабарламасында.

 «Орта Азия – Орталық» газ құбыры – Түрікменстан, Өзбекстан және Қазақстаннан Ресейге табиғи газ тасымалдауға арналған магистральдық жүйе.

Comments