Алматыда 61 жастағы тұрғынды өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды. Бұл туралы 12 қазанда қалалық полиция департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Бұған дейін желіде бірнеше адамның басына пакет кигізілген ер адамды подъезден алып шығып бара жатқан сәті түсірілген видео тараған болатын.
Полиция ер адамның қайтыс болғанын растады.
«Тергеу барысында қылмыстың мән-жайы, күдіктілердің жеке басы және олардың марқұмның пәтерін заңсыз иеленуге қатысы болуы мүмкін екені анықталды. Төртеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ тергеу жұмыстарымен Ішкі істер министрлігінің ең тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы құрылған жедел-тергеу тобы айналысып жатқаны атап өтілді. Істің тергелу барысы Ішкі істер министрінің жеке бақылауында.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
It was reported that the Deputy Commander-in-Chief of the National Guard was arrested while accepting a bribe
