Трамп мұхиттардың біріне өз есімін беруді ұсынды

175
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/SCXEUpu8VVBbXtrQBpdf8f76dyhJAlbhB6vFdGTW.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп қызметіндегі мерзімі аяқталғанға дейін Атлант немесе Тынық мұхиттарының бірінің атауын өзгертіп, оны «Трамп мұхиты» не «Америка мұхиты» деп атауды қарастырып жүр. Бұл туралы ТАСС агенттігі жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

«Бізге мұхит керек. Сондықтан Атлант мұхитын немесе Тынық мұхитын өзгертуді ойлап жүрмін. Оны «Трамп мұхиты» немесе «Америка мұхиты» деп атаймыз. Шамамен осындай атау болады. Мұны мен қызметімнен кетпей тұрып жасауымыз керек. Менің ойымша, бізге өз мұхитымыз керек, сондай-ақ ұлы өзеніміз де болуы қажет. Бірақ Миссисипи өзенінің атауын өзгертпеймін. Маған Миссисипи ұнайды», – деді ол.

Сонымен қатар Ақ үй басшысы Ормуз бұғазының атауын «Трамп бұғазы» деп өзгерту мүмкіндігін де қайта көтерді.

Айта кетейік, бұған дейін Дональд Трамп Мексика шығанағын «Америка шығанағы», ал Онтарио көлін «Америка көлі» деп қайта атауға қатысты жарлықтарға қол қойған болатын. Бұл құжаттар федералдық үкіметтің ресми құжаттары мен карталарында қолданылатын атауларды өзгертуге бағытталған.

Алайда аталған өзгерістердің болашағы кейінгі әкімшіліктің шешіміне байланысты болуы мүмкін. Трамптан кейінгі президент тиісті атқарушылық жарлықтарға қол қойып, бұл атауларды қайта өзгертуге құқылы.

Comments