Астанада ТЖМ қызметкерлері биіктікте қауіпті жағдайда қалған жұмысшыны құтқарды, деп хабарлайды “Адырна”.
Оқиға Есіл ауданындағы Сауран көшесінде болған. 1990 жылы туған ер адам тұрғын үйдің 15-қабатында кондиционер орнату кезінде құлап, ғимараттың сыртындағы темір тіреуішке ілініп қалған. Ол шамамен 50 метр биіктікте болған.
Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері құтқару жұмыстарына автосатыны пайдаланды. Мамандар жұмысшыға жетіп, оны аман-есен жерге түсірді.
Төтенше жағдайлар министрлігі биіктікте жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, жарамды жеке қорғаныс құралдарын пайдаланудың маңызын еске салды.
Related news
