Жоғарғы Соттың 6 судьясы қызметінен босатылды

214
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/VQItw5mltiMOOvP57ScPhUsDF1HWndgZKnqf9FXB.jpg

Бүгін, 7 қазанда Жоғарғы соттың бірнеше судьясы өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мемлекет басшысының Жоғарғы соттың бірқатар судьясын қызметінен босату туралы ұсынысын Құрылтайдың пленарлық отырысында Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов таныстырды.

«Құрылтай Жоғарғы Соттың судьялары Марина Боровикті, Нұржан Қайыпжанды, Валерий Ноздринді, Мәдениет Омарбекованы, сондай-ақ Сәкен Абдолла мен Аслан Түкиевті қызметінен босатты. Мәселелер Қазақстан Республикасы Конституциясының 56-бабының 10) тармақшасына сәйкес қаралды»,– делінген хабарламада.

Ол аталған судьялардың әрқайсысы сот жүйесіне бірнеше жылын арнағанын атап өтті.

«Олар – кәсіби біліктілігі жоғары, судьялық жолдан адалдықпен өткен, отандық сот төрелігінің дамуына елеулі үлес қосқан мамандар. Барлығы да судьялар қауымдастығында зор бедел мен құрметке ие»,– деп қосты Дмитрий Малахов.

Жақын уақытта Жоғары сот кеңесі конкурс негізінде және президентпен келісу арқылы бос орындарға үміткерлер тізімін жасайды. Осыдан кейін Жоғарғы соттың жаңа судьяларын тағайындау жөніндегі президенттің ұсыныстары қайтадан Құрылтай депутаттарының қарауына енгізіліп, бекітуге ұсынылады.

Comments
Other materials