Баланың ернінен сүйген әйелдің кім екені анықталды

235
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/QZxIeChOJ2yq7xXc8ahaVfGZZT0uu77uYISICUz9.webp

Әлеуметтік желіде кішкентай баланы көлікте ернінен сүйген әйелдің видеосы тарады. Оқиғаға қатысты Астана қаласы Алматы ауданының полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Полицияның мәліметінше, видеодағы әйелдің жасы 23-те. Ол баланың анасының құрбысы болып шыққан. Құқық қорғау органы өкілдерінің хабарлауынша, қазір әйелге қатысты тексеру жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша болған жағдайға құқықтық баға беріледі.

«Қазір қызға қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. Тексеру аяқталғаннан кейін құқық қорғау органдары болған жағдайға құқықтық баға береді», – деп хабарлады Астана қаласы Алматы ауданының полиция басқармасы.

Сонымен қатар полиция баланың анасына қатысты да шара қолданылғанын мәлімдеді. Ведомствоның мәліметінше, бейнежазбаны баланың анасы өзі түсірген. Ол баланы тәрбиелеу және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Бейнежазба әлеуметтік желіде тарағаннан кейін баланың анасы оның көңіл көтеру мақсатында түсірілгенін айтып, видеоны жариялаған адамнан өшіруді сұраған.

Comments